"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 101 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қаңтарда № 33881 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.";

      26-2, 26-3 және 26-4-тармақтар алып тасталсын;

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. АҚШ қазынашылығының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының кең индексіне кіретін бағалы қағаздардан тұратын индекс (ICE BofA US Treasury Bill Index) тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып табылады.

      Ұлттық Банк тұрақтандыру портфелінің кірістілік пен тәуекел көрсеткіштерін күн сайын есептейді.";

      мынадай мазмұндағы 44-3-тармақпен толықтырылсын:

      "44-3. Жинақ портфелін басқару тиімділігін бағалау ұзақ мерзімді перспективада сырғымалы бағалау әдісімен (rolling window) 5 (бес), 10 (он) жылдық мерзімдегі кезеңдерде және жинақ портфелін басқару басталғаннан бері жүргізіледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлу осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуге кері қайту күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Әрбір есепті жылдың қорытындысы бойынша активтердің кез келген сыныбы есепті жылдан кейінгі жылдың алғашқы 2 (екі) айында (қаңтар және ақпан) 3 (үш) пайызға ауытқыған жағдайда, активтер сыныбының үлесі есепті жылдан кейінгі жылғы бірінші тоқсанның соңына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуге дейін жеткізіледі.";

      1-1-параграф алып тасталсын;

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Дамыған елдердің өтімділігі жоғары мемлекеттік облигацияларының кең индексіне кіретін бағалы қағаздардан тұратын композиттік индекс (ICE BofA Global Government Index) дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.

      Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының композиттік индексінде эталондық бөлуге кері қайту күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының композиттік индексіндегі бағалы қағаздардың құрамы ай сайын өзгеріп отырады.

      Ұлттық Банк дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің кірістілік пен тәуекел көрсеткіштерін күн сайын есептейді.";

      51-2 және 51-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-2. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі:

      1) дамушы нарықтардың мемлекеттік облигацияларының кең индексіне (ICE BofA US Emerging Markets External Sovereign Index, ICE BofA Emerging Markets Corporate Plus Index, ICE BofA US Emerging Markets External Debt Sovereign & Corporate Plus Index) кіретін бағалы қағаздардан тұратын эталондық портфельді қолдана отырып, дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінен тұрады.

      Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфелінде экспорттағы мұнай үлесі 80 (сексен) пайыздан асатын елдердің облигациялары қамтылмайды;

      2) көлемі жинақ портфелінің 1 (бір) пайызынан аспайтын эталондық портфельді қолданбай, Қытай юаніндегі портфельден тұрады.

      51-3. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін мынадай талаптар қолданылады:

      1) дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің бағалы қағаздарының ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің бағалы қағаздары үшін 2 (екі) және одан да көп кредиттік рейтинг болған кезде ең төменгі кредиттік рейтинг олардың ең төменгісі ретінде айқындалады.

      Егер бағалы қағаз бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төменгі кредиттік рейтингтен төмен түссе, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бағалы қағаз бойынша ең төмен кредиттік рейтингтің мәні төмендеген күннен бастап 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде осы бағалы қағаз бойынша позицияны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      2) осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелін секторлық бөлу.";

      51-10 және 51-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-10. Корпоративтік облигациялардың кең индексіне кіретін бағалы қағаздардан тұратын индекс (ICE BofA Global Corporate & High Yield Index) корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.

      Корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфельде парниктік газдар шығарындыларының деңгейі жоғары компаниялар, көмір өндіруші компаниялар және темекі өнімдерін өндірушілер шығаратын бағалы қағаздар қамтылмайды.

      51-11. Корпоративтік облигациялар портфелінің бағалы қағаздарының ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Корпоративтік облигациялар портфелінің бағалы қағаздары үшін 2 (екі) және одан да көп кредиттік рейтинг болған кезде ең төменгі кредиттік рейтинг олардың ең азы ретінде айқындалады.

      ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) кредиттік рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялар портфеліндегі бағалы қағаздардың үлесі корпоративтік облигациялардың эталондық портфеліндегі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) кредиттік рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингі бар бағалы қағаздардың үлесінен 1 (бір) пайыздан артық аспайды.

      Егер бағалы қағаз бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төмен кредиттік рейтингтен төмендейтін болса, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бірақ бағалы қағаз бойынша ең төмен кредиттік рейтингтің мәні төмендеген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде осы бағалы қағаз бойынша позицияны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Жаһандық акциялар нарығының кең индексіне (MSCI World Index) кіретін бағалы қағаздардан тұратын индекс акциялар портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.

      Пассивті басқарудағы акциялар портфелі үшін эталондық портфель MSCI World ESG Index құрамына кіретін бағалы қағаздардан тұратын индексті қамтиды.

      Салықтарды есепке алмағанда дивидендтерді қайта инвестициялау ескерілген индекстің кірістілігі күн сайын есептелетін акциялар портфелі үшін эталондық портфель кірістілігінің көрсеткіші болып табылады.";

      56-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-1. АҚШ долларымен өлшенетін, 80 (сексен) пайызы MSCI АCWI IMI Net Total Return USD Index индексінен және 20 (жиырма) пайызы Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексінен тұратын композиттік индекстің кірістілігі (портфель референсі) балама құралдар портфелі кірістілігінің нысаналы деңгейі болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген композиттік индексте (портфель референсі) эталондық бөлуге керу қайту күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүзеге асырылады. Бұл ретте 5 (бес), 10 (он) және 15 (он бес) жыл мерзімдегі кезеңдер үшін сырғымалы бағалау (rolling window) әдісімен есептелетін US Consumer Price Index (CPI YOY) + 3 (үш) пайыздық мәні балама құралдар портфелі үшін ұзақ мерзімді кірістіліктің ең төменгі деңгейі болып табылады.";

      56-3, 56-4 және 56-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-3. "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) балама құралдар портфелін сыртқы басқаруды жүзеге асырады.

      56-4. Балама құралдар портфеліндегі инвестициялар осы Қағидаларда белгіленген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Балама құралдар портфелін активтер сыныптары бойынша секторлық бөлу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Нарық бағалары күрт өзгеруінен, сондай-ақ балама құралдар портфелін толықтырудан немесе одан активтерді алудан туындаған балама құралдар портфелі активтерінің құны өзгеруі нәтижесінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген шектеулерден асып кеткен жағдайда, Корпорация балама құралдар портфелін тиісті шектеулерден асқан кезден бастап 1 (бір) жыл ішінде белгіленген шектеулерге сәйкес келтіреді.

      Балама құралдар портфелінің көлемі Қордың активтерін балама құралдар портфеліне ауыстыру кезінде жинақ портфелі активтерінің көлемінен 5 (бес) пайыз аспайды.

      56-5. Балама құралдар портфелінің активтері мынадай балама құралдарға:

      1) жеке капиталға;

      2) хедж-қорларға;

      3) жылжымайтын мүлікке;

      4) инфрақұрылымға;

      5) жеке борышқа инвестицияланады.";

      56-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-7. Бірлескен инвестицияларды, қорлардың қорларына (fund of funds) инвестицияларды және қорларға тікелей инвестициялау жолымен жүзеге асыру үшін арнайы мақсаттағы компаниялардың (special purpose vehicle) акцияларын және (немесе) үлестерін сатып алу арқылы инвестициялауға рұқсат етіледі.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Ең төменгі кредиттік рейтингі ВВВ- төмен емес деңгейге (Standard&Poor's)/Ваа3 (Moody's) немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келетін контрәріптестер сыртқы басқаруға берілген активтермен операцияларды жүзеге асырады.";

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      6-1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 101 Қаулыға
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
2-1-қосымша

Жинақ портфелі активтерінің нысаналы стратегиялық бөлінуі

р/с №

Портфель атауы

Балама құралдар портфелін қалыптастырғанға дейін (пайызбен)

Балама құралдар портфелін қалыптастырғаннан кейін (пайызбен)

1

2

3

4

1

Облигациялар:

65

60

1.1

дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары

34

29

1.2

дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары

21

21

1.3

корпоративтік облигациялар

10

10

2

Акциялар

30

30-35

3

Балама құралдар

0

0-5

4

Алтын

5

5

      Ескертпе: 4-бағанның 2 және 3-жолдары бойынша балама құралдар мен акциялардың бірлескен үлесі 35 (отыз бес) пайызға тең болған жағдайда балама құралдар портфелін ауыстыру немесе толықтыру сәтінде балама құралдардың нақты қалыптасқан үлесі қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 101 Қаулыға
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
6-1-қосымша

Жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі

№ р/с №

Активтердің түрлері

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)


ең төменгі (пайызбен)

ең жоғары (пайызбен)

1

2

3

4

1

Ақша (ағымдағы шоттарда қалған валюта, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері), елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары және эталондық портфельге кіретін корпоративтік бағалы қағаздар

70

100

2

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері және корпоративтік бағалы қағаздар, эталондық индекске кіретін елдердің агенттік борыштық міндеттемелері, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0

30

3

Депозиттер (салымдар)

0

20

4

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0

50

5

Коммерциялық бағалы қағаздар

0

20

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 101 Қаулыға
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
10-қосымша

Балама құралдар портфелінің активтер сыныптары бойынша секторлық бөлінуі

Р/с №

Активтер сыныбы

Балама құралдар портфелін бастапқы толықтырудан кейін 5 жыл кезеңіндегі нарықтық құны (пайызбен)

Балама құралдар портфелін бастапқы толтырғаннан кейін 5 жыл өткен соң нарықтық құны (пайызбен)

ең төменгі

ең жоғары

ең төменгі

ең жоғары

1

Жеке капитал

0

65

0

65

2

Хедж-қорлар

0

30

0

30

3

Жылжымайтын мүлік

0

40

0

40

4

Инфрақұрылым

0

30

0

30

5

Жеке борыш

0

15

0

15

6

Облигациялар

0

20

0

15

7

Акциялар

0

30

0

15

      Ескертпе: 6 және 7-жолдар бойынша облигациялар мен акциялардың жиынтық көлемі балама құралдар портфелін бастапқы толықтырғаннан кейін 5 (бес) жылдан аспайтын балама құралдар портфелін қалыптастыру кезеңінде 40 (қырық) пайыздан аспайды. Балама құралдар портфелін қалыптастыру кезеңі өткеннен кейін облигациялар мен акциялардың жиынтық көлемі 15 (он бес) пайыздан аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады