"Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 107-940 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 мамырда № 1339-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26533 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады