Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 506-1613 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 тамызда № 1349-01 болып тіркелді

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Рспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 506-1613 қаулысына
қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі

Р/с №

Ғимараттарының алдында афишалар орналастыруға арналған орындары бар мәдени объектілердің тізбесі

1

2

1.

"Алматы" ауданы, Абылайхан даңғылы, № 4/1 үй, Орталық қалалық кітапхана ғимаратының алдында

2.

"Алматы" ауданы, А. Петров көшесі, № 14/2 үй, № 5 көпшілік кітапхана ғимаратының алдында

3.

"Алматы" ауданы, "Интернациональный" кенті, Мереке көшесі, 1А, № 7 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

4.

"Алматы" ауданы, "Мичурино" кенті, Көкіл көшесі № 17/1, № 10 көпшілік кітапхана ғимаратының алдында

5.

"Алматы" ауданы, Шалкөде көшесі, № 2 үй, № 15 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

6.

"Алматы" ауданы, Қ. Сәтбаев көшесі, № 5 үй, № 4 балалар кітапханасы ғимаратының алдында

7.

"Алматы" ауданы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 25/3 үй, № 5 балалар кітапханасы ғимаратының алдында

8.

"Алматы" ауданы, "Железнодорожный" ауылы, Ж. Жабаев көшесі, № 12/2 үй, № 4 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

9.

"Алматы" ауданы, Қажымұқан көшесі, № 9 үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Барыс" спорт кешені

10.

"Алматы" ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, № 2 үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Толқын" спорт кешені

11.

"Алматы" ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 2 үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 3 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Толқын" спорт кешені, 2 ғимарат

12.

"Алматы" ауданы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы, Қордай көшесі, № 6 үй, "Дәулет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Теннис орталығы

1

2

13.

"Алматы" ауданы, Ж. Жирентаев көшесі, 15Б үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, футбол күмбезі

14.

"Байқоңыр" ауданы, Республика даңғылы, № 34 үй, "Жастар" сарайы ғимаратының алдында

15.

"Байқоңыр" ауданы, Тайбурыл көшесі, № 7А үй, № 9 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

16.

"Байқоңыр" ауданы, Луи Пастер көшесі, 73 үй, № 12 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

17.

"Байқоңыр" ауданы, А. Кравцов көшесі, № 1/1 үй, № 2 балалар кітапханасы ғимаратының алдында

18.

"Байқоңыр" ауданы, Таха Хусейн көшесі, № 2/1 үй, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ғимаратының алдында

19.

"Байқоңыр" ауданы, Өндіріс көшесі, Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Өндіріс)

20.

"Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 55/2 үй, Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ғимартының алдында

21.

"Есіл" ауданы, Ә. Нұршайықов көшесі, № 10 үй, № 2 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

22.

"Есіл" ауданы, Е697 көшесі, № 5 үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі", "Aspan" спорт кешені

23.

"Нұра" ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, № 5 үй, Астаналық цирк ғимаратының алдында

24.

"Нұра" ауданы, Қорғалжын тас жолы, № 2/1 үй, "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешенінің кіреберісі алдында

25.

"Сарыарқа" ауданы, Кенесары көшесі, № 32 үй, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония

26.

"Сарыарқа" ауданы, Желтоқсан көшесі, № 11 үй, М. Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры академиясы

27.

"Сарыарқа" ауданы, Көктал шағын ауданы, Алмалық көшесі, № 1 үй, "Наз" мемлекеттік би театр ғимаратының алдында

28.

"Сарыарқа" ауданы, Республика даңғылы, № 3 үй, "Қуыршақ театры" ғимаратының алдында

29.

"Сарыарқа" ауданы, І. Есенберлин көшесі, № 10 үй, "Жастар театры" ғимаратының алдында

30.

"Сарыарқа" ауданы, І. Омаров көшесі, № 47Б үй, Жас көрермендердің музыкалық театры ғимаратының алдында

1

2

31.

"Сарыарқа" ауданы, М. Әуезов көшесі, № 20 үй, С. Сейфуллин мұражайы ғимаратының алдында

32.

"Сарыарқа" ауданы, Жеңіс даңғылы, № 61 үй, № 3 балалар кітапханасы ғимаратының алдында

33.

"Сарыарқа" ауданы, Конституция көшесі, № 2/2 үй, № 8 балалар кітапханасы ғимаратының алдында

34.

"Сарыарқа" ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, № 50 үй, № 1 жалпы кітапхана ғимаратының алдында

35.

"Сарыарқа" ауданы, Ә. Жангелдин көшесі, № 9А үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

36.

"Сарыарқа" ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 57А үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 9 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі"

37.

"Сарыарқа" ауданы, "Көктал-2" тұрғын үй, Баршын көшесі, № 30/2 үй, Астана қаласы әкімдігінің "№ 5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Көктал-2)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады