Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
"Ақкөл ауданы" бөлімі келесі мазмұнды реттік нөмірі 3-2-жолымен толықтырылсын:
"
3-2 | "Ақкөл – Наумовка" | қала маңындағы |
";
"Зеренді ауданы" бөлімі келесі мазмұнды реттік нөмірі 12-1-жолымен толықтырылсын:
"
12-1 | "Васильковка – Елікті" | ауданішілік |
";
"Ерейментау ауданы" бөлімі келесі мазмұнды реттік нөмірлері 55-1, 55-2-жолдарымен толықтырылсын:
"
55-1 | "Олжабай – Еркіншілік – Тайбай – Ерейментау" | ауданішілік |
55-2 | "Новомарковка – Ақмырза –Ерейментау" | ауданішілік |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |