Қосшы қаласы әкімінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 04-01 "Қосшы қаласы аумағында сайлау учаскелерін кұру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 02-07 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 8575-03 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Қосшы қаласы әкімінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 04-01 "Қосшы қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27839 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      12 – жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12.

№ 751 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, 15 құрылысы, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Тайтөбе ауылы.

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласының әкімі Г.Касенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қосшы қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады