"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облыстық мәслихаты