"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің Ерофеевка ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № А-8/170 бірлескен қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 тамыздағы № С 24-2 шешімінің негізінде және Ақкөл ауданының Ерофеевка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің Ерофеевка ауылы Мереке ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |