Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 15.09.2023 № С-6/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қаласы бойынша туристердi орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристiк жарнаның мөлшерлемелері -болу құнының 3 (үш) пайызы бекiтiлсiн.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихаты төрағасының | |
міндетін атқарушысы | Н. Сейдалин |