Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) фтизиатрда есепте тұрған және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
11-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алушылардан өтініштер талап етілмей, азаматтарға (отбасыларға) ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі:
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы | О.Джагпаров |