Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақкөл ауданының кейбір елді мекендерінің шекаралары (шегі) өзгертілсін және белгіленсін:
1) Урюпин ауылдық округінің Талқара ауылының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 127,0 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін;
2) Кеңес ауылдық округі Айдарлы ауылының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 120,6 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін;
3) Ақкөл орман шаруашылығының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 90,5 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін;
4) Кеңес ауылдық округі Кеңес ауылының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 7594,5 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі | Ю. Курушин |
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Салыбекова |