Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабына сәйкес, Ақкөл қаласы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының кейбір құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Мир көшесі Әл-Фараби көшесіне;
Первомайская көшесі Роза Бағланова көшесіне;
Привокзальная көшесі Абай көшесіне;
Береговая көшесі Жағалау көшесіне;
Горная көшесі Атамекен көшесіне;
Школа-интернат шағын ауданы Сарыарқа шағын ауданына;
Абай көшесі Аманат көшесіне.
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі | Ю. Курушин |
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Салыбекова |