"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Аршалы ауданы Константинов ауылдық округінің Константинов ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
Набережная көшесі Достық көшесіне;
Заречная көшесі Наурыз көшесіне;
Школьная көшесі Абай көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Константинов ауылдық округінің әкімі | К.Шедербеков |