Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 8С 2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 8555-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 шешімімен

      Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 25 қазан - Республика күні:

      1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ең төменгі және ең төменгі мөлшерінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға, бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде және бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу.";

      7 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, табиғи зілзала немесе өрт туындаған жердегі табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Н. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады