Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 13 маусымдағы № 8С-4/4-23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8589-03 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы | М.Абжиков |