Ерейментау ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 8С-4/4-23 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 8589-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/3-23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 8С-12/3-23 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ерейментау ауданында туристердi орналастыру орындарында шетелдiктер үшiн туристiк жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Абжиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады