Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 28.12.2023 № 8С-13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7072 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:";
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, Қазақстан Республикасы шегінде санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың құнын өтеуге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Адильбаева |