Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № а-10/231 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26301 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкімі | А.Кадралина |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
Жақсы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № а-5/112 Қаулысына қосымша |
|
Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "31" желтоқсандағы № а-10/231 қаулысына 1-қосымша |
Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасуы |
Аймаққа бөлу |
1 | Қали Еспенбетұлы көшесі | 1,85 |
2 |
Бейімбет Майлин көшесі | 1,95 |
3 |
Микрорайон шағын ауданы | 2,05 |
4 |
Әлия Молдағұлова көшесі | 1,95 |
5 |
Дружбы көшесі | 1,95 |