Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 "Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 8С-8-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қыркүйекте № 8617-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 31.07.2024 № 8С-28-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24537 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінуге құқылы.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А.Бралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады