Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-95 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
орыс тіліндегі тақырыбы жана редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерген зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда – 200 000 (екі жүз мың) теңге;";
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) 25 қазан - Республика күні:
1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
8-тармақтың 1) тармақшасында:
"50 саны 289 санына ауыстырылсын".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы | Р.Габдуллина |