"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Молодежное ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Комсомольская көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Целиная көшесі Еркін Әуелбеков көшесіне;
Советская көшесі Мәлік Ғабдуллин көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж.Калабаев |