Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округі Симферополь ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 наурызда № 8525-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округі Симферополь ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Луначарский көшесі Жүсіпбек Қалин көшесіне;

      Ленин көшесі Придон Байқанов көшесіне;

      Школьная көшесі Жеңіс көшесіне;

      Алматы көшесі Шонай көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Ауылдық округінің әкімі А.Сабитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады