ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы әкімінің "Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 613 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 613 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Байдалы ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 4, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Байдалы ауылы.";
№ 632 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 632 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Құмдыкөл ауылы, Абаскалов көшесі, 4/1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Сандықтау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Құмдыкөл ауылы медициналық пунктінің ғимараты.
Шекаралар: Құмдыкөл ауылы.";
№ 633 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 633 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Маралды ауылы, Қаскен Баймышев көшесі, 1, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Маралды орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кеңсесінің ғимараты.
Шекаралар: Маралды ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | Е.Жусупбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |