Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | С.Шабаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № А-2/54 қаулысына қосымша |
Шортанды ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының ұзындығы, шақырым |
1 | KC-SH-1 | Раевка – Гуляй Поле – Пригородное | 44 |
2 | KC-SH-2 | Төңкеріс бекетіне кіреберіс | 5 |
3 | KC-SH-3 | Бозайғыр – Ключи | 15 |
4 | KC-SH-4 | Жолымбет – Қаратөбе | 12 |
5 | KC-SH-5 | Новоселовка – Новопервомайское | 20 |
6 | KC-SH-6 | Новокубанка – Алтайское | 6 |
7 | KC-SH-7 | Пригородное – Камышенка | 15 |
8 | KC-SH-8 | Шортанды – Новографское | 4 |
9 | KC-SH-9 | Новокубанка – Белое Озеро | 20 |
10 | KC-SH-10 | Қарасай – Жолымбет – Приречное | 43 |
Барлығы: | 184 |