Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы | Г.Садвокасова |
Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/3 шешіміне қосымша |
Шортанды ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үй иелігі | 1 тұрғын |
1,62 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқты объектілер | 1 орын | 0,84 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,55 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,44 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,52 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,70 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,31 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,35 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,08 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары |
Жоба бойынша | 0,04 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
13 | Азық-түлік және өнеркәсіптік-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,34 |
14 | Машиналардан сату |
Сауда орнының | 0,02 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
16 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
17 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 |
18 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,36 |
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,37 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,86 |
21 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 1,02 |
22 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,53 |
23 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,66 |
24 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,02 |
25 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,52 |
26 | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,002 |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 – шаршы метр
м3 – текше метр