"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағы мен 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Щучинск қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Заречный 1 линия шағын ауданы Абай көшесіне;
2) Октябрьская көшесін Еркін Әуелбеков көшесіне;
3) Коммунистическая көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
4) Трудовая көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;
5) С. Разин көшесін Балуан Шолақ көшесіне;
6) Пугачев көшесін Марфуға Бектемірова көшесіне;
7) Едомский көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
8) Абай Құнанбаев көшесін Қылшақты көшесіне.
2. Осы бірлескен Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Б.Махметов |
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нұрпанова |