"Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 281 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 59 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда № 8408 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы";

      1-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, Ақтөбе қаласы және аудандардың бюджеттерінің қаражаты есебінен жүргізілсін.

      Жұмыс берушінің кінәсінен болған еңбектегі мертігуден немесе кәсіби ауырудан мүгедектігі бар адамдардың, емделуге жол жүру өтемақысы берілмейді.";

      2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. мүгедектігі бар баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.";

      3-тармағына мындай редакция жазылсын:

      "3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдар емдеу орнынан келген күнінен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей 2-тармақта көрсетілген жол жүру дерегін растайтын құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады