"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 276 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 қазанда № 8415 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      2, 8, 9, 11, 12, 14-жолдар алып тасталсын;

      10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

"Кәусар" дүкені

Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, 1-үй

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:

      "

8-1

"Асыл" сауда үйі

Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 25-үй

      ".

      2. "Ақтөбе облысының дін істері басқарамасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады