Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 354 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 88 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 8476 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Қарғалы ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің шекаралары оның құрамынан жалпы ауданы 36 957 гектар Шамшы Қалдаяқов ауылының аумағын алып тастай отырып өзгертілсін.

      Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 45 935 гектар болып белгіленсін.

      2. Қарғалы ауданында жаңа әкімшілік аумақтық бірлік - жалпы ауданы 36 957 гектар Шамшы Қалдаяқов ауылы құрылсын.

      3. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері Қарғалы ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірлікті күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      4. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы келтірсін.

      5. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      6. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады