Әйтеке би ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктеріне қарай айқындау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 112 қаулысы және Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 60 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 шілдеде № 8376 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Әйтеке би ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы және шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Алдабергенов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Сейлханов

  "Әйтеке би ауданы Әкімінің
аппараты" ММ 2023 жылғы
26 маусымдағы № 112 мен
Әйтеке би аудандық
мәслихаттың 2023 жылғы
26 маусымдағы № 60 бірлескен
қаулы және шешіміне қосымша

Әйтеке би ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктеріне қарай ең жоғары мөлшері

Ауылдық округтер атаулары

Ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі, гектар

оның ішінде

егістік

шабындық

жайылым

1

Ақтасты

5000

1000

-

4000

2

Аралтоғай

4000

-

-

4000

3

Ақкөл

7000

-

-

7000

4

Әйке

5000

1000

-

4000

5

Жамбыл

5000

1000

-

4000

6

Жабасақ

7000

-

-

7000

7

Қарабұтақ

10000

-

-

10000

8

Қайрақты

7000

-

-

7000

9

Қызылжұлдыз

5000

-

-

5000

10

Темірбек Жүргенов

5000

1000

-

4000

11

Құмқұдық

5000

1000

-

4000

12

Тұмабұлақ

10000

-

-

10000

13

Сарат

5000

-

-

5000

14

Сұлукөл

5000

1000

-

4000

15

Үшқатты

-

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады