Әйтеке би ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 309 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қарашада № 8443 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әйтеке би ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі Д. Тугузбаев

  2023 жылғы 6 қарашадағы
№ 309 әкімдік қаулысына
қосымша

Әйтеке би ауданы бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

р/с

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

1

2

3


Темірбек Жүргенов ауылдық округі


1

Темірбек Жүргенов ауылы

2,05

2

Талдысай ауылы

1,75


Құмқұдық ауылдық округі


3

Құмқұдық ауылы

1,35


Қарабұтақ ауылдық округі


4

Қарабұтақ ауылы

1,65

5

Жарөткел ауылы

1,35

6

Еңбекту ауылы

1,35

7

Белқопа ауылы

1,35


Аралтоғай ауылдық округі


8

Аралтоғай ауылы

1,55

9

Қияқты ауылы

1,35

10

Ұлғайсын ауылы

1,35

11

Милы ауылы

1,35


Қызылжұлдыз ауылдық округі


12

Аралтөбе ауылы

1,55


Жамбыл ауылдық округі


13

Жамбыл ауылы

1,55


Сарат ауылдық округі


14

Сарат ауылы

1,55


Жабасақ ауылдық округі


15

Жабасақ ауылы

1,45

16

Аққұм ауылы

1,35

17

Байжанкөл ауылы

1,35


Әйке ауылдық округі


18

Әйке ауылы

1,35

19

Теренсай ауылы

1,35


Тұмабұлақ ауылдық округі


20

Тұмабұлақ ауылы

1,35

21

Сарбұлақ ауылы

1,2


Ақкөл ауылдық округі


22

Ақкөл ауылы

1,55


Сұлукөл ауылдық округі


23

Сұлукөл ауылы

1,35


Ақтасты ауылдық округі


24

Ақтасты ауылы

1,35

25

Толыбай ауылы

1,35


Қайрақты ауылдық округі


26

Талдық ауылы

1,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады