Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2022 жылғы 15 қарашадағы № 248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30554 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";
6–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб–порталы (бұдан әрі – портал) шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2–қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Шаимов |