Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Саралжын ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 4 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің Саралжын ауылының Кеңес көшесі Көктал көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі |
М. Тажигалиев |