"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2022 жылғы 30 наурыздағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ырғайты ауылдық округі Ақши және Көктұма ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Жетісу облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі Ақши ауылындағы атауы жоқ көшелер мен саябаққа келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшеге − Д. Қонаев көшесі;
атауы жоқ көшеге − Абай көшесі;
атауы жоқ саябаққа − Тәуелсіздік саябағы.
2. Жетісу облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі Көктұма ауылындағы Достық көшесі Жанахмет Бегатаров көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғайты ауылдық округі әкімі | К. Мукабаев Дауренбек |