Балқаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 16-68 "Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 9-32 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қазанда № 6040-05 болып тіркелді

      Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2022 жылғы 4 наурыздағы № 16-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27119 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:


      "Балқаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1. Балқаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы К. Омаров


  Балқаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 9-32 шешіміне қосымша

Балқаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Балқаш ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы тармағында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады