"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданының ауданішілік, қалаішілік (қала маңындағы) және ауылішілік (ауылдық) әлеуметтік маңызы бар тұрақты автобус қатынастары тарифтері келесі мөлшерде белгіленсін:
– жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
– жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі | А. Досумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты |