Саймасай ауылдық округінің Саймасай және Амангелді ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 8 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 22 маусымда № 6018-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Саймасай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 29 желтоқсанындағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Саймасай ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Саймасай ауылында:

      солтүстік-шығысында орналасқан "Северная" көшесін "Солтүстік" көшесіне;

      2) Амангелді ауылында:

      солтүстік-батысында орналасқан "Первомайская" көшесін "1-мамыр" көшесіне, солтүстік-батысында орналасқан "Молодежная" көшесін "Жастар" көшесіне, солтүстік-шығысында орналасқан "Новая" көшесін "Жаңа" көшесіне, солтүстік-шығысында орналасқан "Набережная" көшесін "Жағалау" көшесіне, оңтүстік-шығысында "Шоссейная" көшесін "Наурыз" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Бакиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады