Іле ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 346 "Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 136 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 14 наурызда № 5973-05 болып тіркелді

      Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Іле ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 346 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4388 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды беретін адамның, тиісті кент, ауылдық округ әкімінің, "Іле ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле ауданының әкімі Б. Карасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады