Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 25-123 "Іле аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 4-14 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 17 мамырда № 5999-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының "Іле аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 25-123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120281 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының төрағасы Р. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады