Ұмтыл ауылдық округінің Алмалыбақ ауылындағы саябаққа атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 29 маусымда № 6019-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ұмтыл ауылдық округінің Алмалыбақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Алмалыбақ ауылында орналасқан саябаққа "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Умбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады