Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 128 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 30 мамырда № 6010-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашасындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Көкөзек ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Көкөзек ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – "Ақжар", екінші көшеге – "Ақжүніс", үшінші көшеге – "Ақмоншақ", төртінші көшеге – "Ақсарай", бесінші көшеге – "Ақсу", алтыншы көшеге – "Жоламан", жетінші көшеге – "Майбұлақ", сегізінші көшеге – "Алматы", тоғызыншы көшеге – "Құмбел", оныншы көшеге – "Көкбастау", он бірінші көшеге – "Сауран", он екінші көшеге – "Алаш", он үшінші көшеге – "Алтай", он төртінші көшеге – "Толағай", он бесінші көшеге – "Ақмешіт", он алтыншы көшеге – "Тасбөгет", он жетінші көшеге – "Нұрлы", он сегізінші көшеге – "Қызғалдақ";

      2) Көкөзек ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге – "Несібелі", екінші көшеге – "Медеу", үшінші көшеге – "Отырар", төртінші көшеге – "Талас", бесінші көшеге – "Самал", алтыншы көшеге – "Тобыл", жетінші көшеге – "Арасан", сегізінші көшеге – "Белкөл".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Касымбекқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады