"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Іргелі ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Іргелі ауылдық округінің Іргелі ауылындағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Іргелі ауылының батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге – Төле би, екінші көшеге – Қазыбек би, үшінші көшеге – Әйтеке би, төртінші көшеге – Қажымұқан, бесінші көшеге – Алатау, алтыншы көшеге – Балдырған, жетінші көшеге – Хан тәңірі, сегізінші көшеге – Ұлытау, тоғызыншы көшеге – Тұлпар, оныншы көшеге – Отан, он бірінші көшеге – Тәуелсіздік, он екінші көшеге – Тұмар, он үшінші көшеге – Шаңырақ, он төртінші көшеге – Дәстүр, он бесінші көшеге – Көктем, он алтыншы көшеге – Медеу, он жетінші көшеге – Ақкент, он сегізінші көшеге – Байқоныс, он тоғызыншы көшеге – Қазына, жиырмасыншы көшеге – Алтай;
2) Іргелі ауылының шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге – Арман, екінші көшеге – Бірлік, үшінші көшеге – Құлагер, төртінші көшеге – Шаттық, бесінші көшеге – Ақдала, алтыншы көшеге – Аманат.
2. Іргелі ауылдық округінің Көксай ауылындағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Көксай ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге – Самал, екінші көшеге – Нұрлы, үшінші көшеге – Ырысты, төртінші көшеге – Бұлбұл, бесінші көшеге – Жас дәурен, алтыншы көшеге – Ақсеңгір, жетінші көшеге – Байтақ, сегізінші көшеге – Жолашар, тоғызыншы көшеге – Айдарлы, оныншы көшеге – Қайнар.
3. Іргелі ауылдық округінің Кемертоған ауылындағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Кемертоған ауылының батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге – Мәңгілік Ел, екінші көшеге – Саржаз, үшінші көшеге – Ұлы Дала, төртінші көшеге – Асқартау, бесінші көшеге – Қызғалдақ, алтыншы көшеге – Мерей;
2) Кемертоған ауылының батыс және солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге – Атамұра, екінші көшеге – Балауса, үшінші көшеге – Ақжар, төртінші көшеге – Ақбұлақ, бесінші көшеге – Ақжайлау, алтыншы көшеге – Ақсарай, жетінші көшеге – Күншуақ, сегізінші көшеге – Қыз Жібек;
3) Кемертоған ауылының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге – Алаша, екінші көшеге – Аманжол, үшінші көшеге – Береке, төртінші көшеге – Сұлутөр, бесінші көшеге – Ақотау, алтыншы көшеге – Достық, жетінші көшеге – Аңсар, сегізінші көшеге – Таң самалы, тоғызыншы көшеге – Жас қыран, оныншы көшеге – Шапағат, он бірінші көшеге – Сұңқар.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Ысқақов |