"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2014 жылғы 5 тамыздағы № 34-193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 83360 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы У. Даркенбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Алибеков |