"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінің Бесқайнар, Қотырбұлақ ауыл халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бесқайнар ауылдық округі Бесқайнар ауылының келесі көшелері:
"Молодежная" көшесін "Жетісу" көшесіне;
"Садовая" көшесін "Тәуелсіздік" көшесіне;
"Набережная" көшесін "Д. Қонаев" көшесіне;
"Заречная" көшесі "Төле би" көшесіне;
"Веселая" көшесін "Іле" көшесіне;
"Мира" көшесін "А. Құнанбаев" көшесіне;
"Яблочная" көшесін "Қ. Сәтпаев" көшесіне;
"ГСУ" көшесін "М. Мақатаев" көшесіне;
"Лесхоз" көшесін "Хан тау" көшесіне;
"Капай" көшесін "Қ. Сағырбаев" көшесіне қайта аталсын.
2. Бесқайнар ауылдық округі Қотырбұлақ ауылының "Новая" көшесін "Б. Момышұлы" көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Джабаев |