"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылының келесі көшелері:
2-ші "Мәметова" көшесі – "Ақтерек" көшесі;
2-ші "Кадыров" көшесі – "Арна" көшесі;
3-ші "Айнабеков" көшесі – "Ақбастау" көшесі;
2-ші "Айбын" көшесі – "Ақжарсай" көшесі;
"Межколхозная" көшесі – "Ақтоғай" көшесі;
"Арычная" көшесі – "Сауран" көшесі;
"Саганайская" көшесі – "Белкөл" көшесі;
"Западная" көшесі – "Алшын" көшесі;
"Новостройка" көшесі – "Жоламан" көшесі деп қайта аталсын.
2. Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Жусан" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Ақтоған" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Дарабоз" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Дәстүр" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Ырысты" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Таң самалы" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Куддус Кужамьяров" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Сарытөбе" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Шағала" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Жанкент" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Жайық" көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шонжы ауылдық округі әкімінің орынбасары | Ә. Нурсеитов |