Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы облысы Ұйғыр ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту" бірлескен Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 6-12-83 шешіміне және Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4196 болып тіркелген) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1-тармағында:
1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) Ават ауылдық округі бойынша:
Ават ауылының шекарасы (шегі) 26,7 гектарға өзгертіліп, Ават ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 325,721 гектар болып белгіленсін;";
10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"10) Тасқарасу ауылдық округі бойынша:
Тасқарасу ауылының шекарасы (шегі) 68,0 гектарға өзгертіліп, Тасқарасу ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 451,022 гектар болып белгіленсін;";
12) тармақшасының 1-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"12) Үлкен Ақсу ауылдық округі бойынша:
Үлкен Ақсу ауылының шекарасы (шегі) 40,7 гектарға өзгертіліп, Үлкен Ақсу ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 389,356 гектар болып белгіленсін;".
2. Осы бірлескен Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімі және Ұйғыр ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Ұйғыр ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.
3. Осы бірлескен Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімі және Ұйғыр ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр ауданының әкімі | Б. Елеусизова |
Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Есжан |