"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Тасқарасу ауылдық округінің Тасқарасу ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Дінмұхамед Қонаев" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Тоқаш Бокин" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Сәкен Сейфуллин" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Береке" көшесі;
атауы жоқ көшесіне – "Отау" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасқарасу ауылдық округінің әкімі | Ж. Альмахунов |