"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кеген аудандық мәслихатының "Кеген аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 8-26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124900 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіп, құрылыс, көлік қатынастары, байланыс және коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауылшаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Нұғман |