Профилактика мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 13 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қаңтарда № 7 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз ету;

      2) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысы әкімдігінің интернет-жүйесінде орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
қосымша

Профилактика мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

Жануарлар түрі

Аурулардың атауы

Жылқылар

сақау, сальмонеллез

Ірі қара мал

гиподерматоз, сальмонеллез

Қойлар мен ешкілер

псороптоз

Шошқалар

сальмонеллез


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады