"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 274-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Әкімдіктің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
Абай облысы әкімінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 25 қаулысына қосымша |
Абай облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері
Кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабының 2-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар бойынша кен іздеушілік бойынша операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар сомасының жұмыстарына 10%-дық мөлшерінде келесі формуламен айқындалады:
О1=(6940×АЕК×10%)/5
мұндағы:
О1 –кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгілінген айлық есептік көрсеткіш;
/5 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін алу үшін.