Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлерін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 63 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 38-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Әкімдіктің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 63 қаулысына
қосымша

Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Қызметкерлерді білім беру саласында қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін көтермелеу мақсатында марапаттаудың келесі түрлері белгіленеді:

      1) "Абай облысының құрметті ұстазы" құрметті атағы 1-қосымшаға сәйкес куәлік беріле отырып;

      2) "Абай облысының еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісі 2-қосымшаға сәйкес сипаттамасымен, 3-қосымшаға сәйкес куәлік беріле отырып.

2-тарау. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтар беру тәртібі

      3. Білім беру саласы қызметкерлерін ерекшелік белгілері мен құрметті атақтармен марапаттау туралы мәселені шешу үшін ұйымдар, мекемелер, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Абай облысының білім басқармасына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) білім беру ұйымдарының, мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы;

      2) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі марапаттау парағы;

      3) ғылыми (педагогикалық) кеңес, алқа шешімдерінен үзінді (жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен мекемелер үшін).

      Ұсыныс хатқа және марапаттау парағына кандидатураны ұсынып отырған мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      4. Білім саласындағы қызметкерлерді марапаттау туралы ұсыныстар кәсіби мерекелерді мерекелеу жағдайы бойынша қаралады.

      5. Марапаттау материалдары Абай облысы білім басқармасының наградалар жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қаралады. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан, оның ішінде Комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстың білім басқармасының, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім беру саласындағы қызметкерлер кіреді.

      6. Комиссия білім саласы қызметкерлерін көтермелеуге объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін құрылады.

      7. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде білім саласы қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс енгізілген сәттен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері дауысының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      8. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) білім саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс қанағаттандырылсын;

      2) білім саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс қабылданбасын;

      3) қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныс материалдарды толықтырып ресімдеу үшін кері қайтарылсын.

      9. Жоғарыда аталған жергілікті ерекшелік белгілерін табыстау салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі.

      10. Әрбір марапатталушыға жергілікті ерекшелік белгілерін тапсырумен қатар бір мезгілде марапаттау туралы тиісті куәлік беріледі.

      Қызметкерлерді марапаттау туралы куәлікке облыс әкімі, ол болмаған уақытта – әкімнің міндетін атқарушы орынбасар қол қояды.

      11. Бiр ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарымен қайта марапаттауға жол берілмейді.

      12. Ерекшелік белгілері мен құрметті атақтары кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны және өлшемі бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған жағдайда төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.

      Ведомстволық наградалар мен олардың құжаттары жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда марапатталған адамдар өздерінің наградалары мен олардың құжаттарына құқықтарын сақтап қалады.

      13. Жоғарыда аталған төсбелгілердің дубликат нұсқалары, сондай-ақ оларға құжаттардың дубликат нұсқалары Комиссияның шешімімен берілуі мүмкін, ол жоғалған (жоғалтқан, ұрланған, бүлінген) жағдайда растайтын құжаттар қажет.

      14. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарынан айыру үшін негіз болып келеді:

      1) мемлекеттік органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату;

      2) заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің болуы.

3-тарау. Жергілікті ерекшелік белгісі – "Абай облысының еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісімен марапаттау санаттары мен критерийлері

      15. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің марапаттау санаттары:

      1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

      2) орта білім беру;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған;

      4) арнайы білім беру ұйымдары;

      5) техникалық және кәсіптік білім беру.

      16. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) осы лауазымда 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      3) республикалық деңгейде іс-тәжірибесін таратуы;

      4) республикалық баспасөз басылымдарында материалдарының жариялануы;

      5) республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы;

      6) авторлық бағдарламаларының, әдістемелерінің болуы.

      17. Орта білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) осы лауазымда 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      3) республикалық деңгейде іс-тәжірибесін таратуы;

      4) республикалық баспасөз басылымдарында материалдарының жариялануы;

      5) республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы;

      6) республикалық, халықаралық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарын даярлауы;

      7) авторлық бағдарламаларының, әдістемелерінің болуы.

      18. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) жоғары біліктілік санатының болуы;

      2) білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі 25 жылдан кем емес, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымында 10 жылдан кем емес;

      3) республикалық деңгейде тәжірибе жинақтау;

      4) республикалық басылымдарда материалдар жариялау;

      5) республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы;

      6) жұмыс барысында инновациялық әдістер мен формаларды қолдану;

      7) білім берудің заманауи технологиялырын қолдану;

      8) авторлық бағдарламалардың, әдістемелердің болуы.

      19. Арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) осы лауазымда 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық білім беру, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану нәтижелері (дайындамалар, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар);

      4) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді түзеу жұмыстарының оң нәтижесінің болуы;

      5) кәсіби конкурстарға қатысуы және оның нәтижелері;

      6) облыс, республика деңгейінде педагогикалық тәжірибені тарату бойынша материалдары;

      7) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі конкурстар, спорттық жарыстар мен музыкалық конкурстардағы (қалалық, облыстық, республикалық) жетістіктері.

      20. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) білім беру органдары мен ұйымдарында 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы, жоғары немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпазы ретінде дипломының болуы және республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындауы;

      3) авторлық бағдарламаларды әзірлеу немесе облыстық не республикалық оқу-әдістемелік сараптамалық кеңестен рұқсат алған қызмет бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешеннің авторы (бірлескен авторы) болып табылады;

      4) WorldSkills республикалық чемпионатының жүлдегерлерін нәтижелі дайындауы (1, 2, 3 орын жүлдегерлері);

      5) облыстық және республикалық деңгейде өткізген шеберлік сыныптары, ғылыми-тәжірибелік семинарлары және симпозиумдар, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер;

      6) жұмыста инновациялық білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы;

      7) республикалық деңгейде педагогикалық немесе әдістемелік журналдарда мақалаларының жариялануы;

      8) акциялар, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жобалар.

4-тарау. Жергілікті ерекшелік белгісі – "Абай облысының құрметті ұстазы" құрметті атағымен марапаттау санаттары мен критерийлері

      21. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің марапаттау санаттары:

      1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

      2) орта білім беру;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған;

      4) арнайы білім беру ұйымдары;

      5) техникалық және кәсіптік білім беру.

      22. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) осы лауазымда 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      3) республикалық деңгейде іс-тәжірибесін таратуы;

      4) республикалық баспасөз басылымдарында материалдарының жариялануы;

      5) республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы;

      6) авторлық бағдарламаларының, әдістемелерінің болуы.

      23. Орта білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) осы лауазымда 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      3) республикалық деңгейде іс-тәжірибесін таратуы;

      4) республикалық баспасөз басылымдарында материалдарының жариялануы;

      5) республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы;

      6) республикалық, халықаралық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарын даярлауы;

      7) авторлық бағдарламаларының, әдістемелерінің болуы.

      24. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) жоғары біліктілік санатының болуы;

      2) білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымында 10 жылдан кем емес;

      3) республикалық деңгейде тәжірибе жинақтау;

      4) республикалық басылымдарда материалдар жариялау;

      5) республикалық, халықаралық конкурстардың қатысушысы;

      6) жұмыс барысында инновациялық әдістер мен формаларды қолдану;

      7) білім берудің заманауи технологиялырын қолдану.

      25. Арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) осы лауазымда 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық білім беру, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану нәтижелері (дайындамалар, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар);

      4) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді түзеу жұмыстарының оң нәтижесінің болуы;

      5) кәсіби конкурстарға қатысуы және оның нәтижелері;

      6) облыс, республика деңгейінде педагогикалық тәжірибені тарату бойынша материалдары;

      7) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі конкурстар, спорттық жарыстар мен музыкалық конкурстардағы (қалалық, облыстық, республикалық) жетістіктері.

      26. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау критерийлері:

      1) білім беру органдары мен ұйымдарында 25 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы, жоғары немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы;

      2) республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпазы ретінде дипломының болуы және республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындауы;

      3) авторлық бағдарламаларды әзірлеу немесе облыстық не республикалық оқу-әдістемелік сараптамалық кеңестен рұқсат алған қызмет бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешеннің авторы (бірлескен авторы) болып табылады;

      4) WorldSkills республикалық чемпионатының жүлдегерлерін нәтижелі дайындауы (1, 2, 3 орын жүлдегерлері);

      5) облыстық және республикалық деңгейде өткізген шеберлік сыныптары, ғылыми-тәжірибелік семинарлары және симпозиумдар, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер;

      6) жұмыста инновациялық білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы;

      7) республикалық деңгейде педагогикалық немесе әдістемелік журналдарда мақалаларының жариялануы;

      8) акциялар, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жобалар.

5-тарау. Біржолғы сыйақы төлеу мөлшері және тәртібі

      27. "Абай облысының еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісі және "Абай облысының құрметті ұстазы" құрметті атағымен марапатталатын барлық қызметкерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 200 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді, оны "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі үздік белгісі мен құрметті атағын алушының банктік шотына аударады.

  Жергілікті ерекшелік белгілері
мен құрметті атақтардың
сипаттамасы, оларды беру
тәртібі,
оның ішінде біржолғы сыйақы
төлемдерінің мөлшеріне
1-қосымша

"Абай облысының құрметті ұстазы" құрметті атағының куәлігінің сипаттамасы

      Сыртқы жағы

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ АКИМАТ ОБЛАСТИ АБАЙ КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ

      Ішкі жағы

КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ

      № ________

      _____________________________

      (тегі - фамилия)

      ____________________________

      (аты - имя)

      ______________________________

      (әкесінің аты - отчество)

      Осы куәлік

      "Абай облысының құрметті ұстазы"

      құрметті атағымен марапатталғандығын растау үшін берілді.

      Настоящее удостоверение

      выдано в том, что он(а) награжден(а) почетным званием

      "Абай облысының құрметті ұстазы"

      Абай облысының әкімі ________________

      (қолы) (А. Ә. Т.)

      М. О.

      Аким области Абай ________________

      (подпись) (Ф. И. О.)

      М. П.

  Жергілікті ерекшелік белгілері
мен құрметті атақтардың
сипаттамасы, оларды беру
тәртібі,
оның ішінде біржолғы сыйақы
төлемдерінің мөлшеріне
2-қосымша

"Абай облысының еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісінің сипаттамасы

      "Абай облысының еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісі жезден жасалған, пішіні бойынша диаметрі 30 мм шеңберден тұрады. Ішкі жағы көк түсті эмальмен қоршалған.

      Айырым белгісі ені 36 мм және биіктігі 60 мм көгілдір муар таспасымен қапталған тағанмен ілмекпен жалғанады.

      Орталық бөліктегі айрықша белгінің алдыңғы жағында ашық кітаптың стильдендірілген бейнесі және күміс түсті көлбеу диск үстінде символды білім базисына сүйеніп тұрған алтын түсті қолын көтерген оқушы тұр.

      Шеңбердің шетінде "Абай облысының еңбек сіңірген ұстазы" бедерлі жазуы орналасқан.

      Жергілікті айырым белгісі киімге визорды бекіту түйреуішпен бекітіледі.




  Жергілікті ерекшелік белгілері
мен құрметті атақтардың
сипаттамасы, оларды беру
тәртібі,
оның ішінде біржолғы сыйақы
төлемдерінің мөлшеріне
3-қосымша

      Сыртқы жағы

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ АКИМАТ ОБЛАСТИ АБАЙ КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ

      Ішкі жағы

 
_______________________________
(органның атауы)

 
_______________________________
(наименование органа)

______________________________
медаліне (төсбелгісіне)

 
к медали (нагрудному знаку)
_______________________________
 

№ ____ куәлігі

Удостоверение № ____
 
 



_____________________________
(тегі)

_____________________________
(фамилия)

_____________________________
(аты)

_____________________________
(имя)

_____________________________
(әкесінің аты)

______________________________
(отчество)

 
Берілді _________________________

 
Выдано _________________________

(күні, бұйрық №)

(дата, № приказа)

 
Жауапты тұлға _________________

 
Ответственное лицо _________________

(қолы)

(подпись)

М.О.

М. П.

  Жергілікті ерекшелік белгілері
мен құрметті атақтардың
сипаттамасы, оларды беру
тәртібі,
оның ішінде біржолғы сыйақы
төлемдерінің мөлшеріне
4-қосымша

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________

      2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет)

      3. Жынысы____________________________________________________

      4. Туған жылы және туған жері ___________________________________

      5. Ұлты _______________________________________________________

      6. Білімі _______________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні _________________________________

      9. Мекен-жайы _________________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі __________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі ________________________________________

      12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _________________________

      13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі

      ______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау мерзімі, хаттама №)

      ___________________________________

      кандидатура талқыланған және ұсынылған

      _____________________________________________ ұсынылады

      (награда түрі)

      Кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысы _________ _______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      М. О

      "___" ________________ ж.

      (толтырған күні)

      Ескерту: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және транскрипциясы міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде көрсетілед

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады